Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында қанша қаражат мақсатты түрде жұмсалғанын мәлімдеді. Соңғы 1 жылда 117 495 өтініш бойынша 14 млн АҚШ долларынан астам ақша аударылған. Тұрғын үй жағдайын реттеу үшін 71 488 өтініш қанағаттандырылып, 9 млн доллар аса қаражат жұмсалған. Ал оқу ақысын төлеу бойынша 46 мың 7 өтініш түсіп, шамамен 6 млн-ға жуық доллар аударылды. Жинақ иесі бұл қаражатты толығымен немесе белгілі бір бөлігін пайдалануға құқылы. Ал пайдаланылмаған қаражат жинақ шотында сақталады. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында екі жыл ішінде шамамен 7 миллион баланың әрқайсысына 233 доллардан аударылды.
Ақниет Балтанова