«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Анель мен Жанель. Олар №207 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушысы. Соңғы жылдары дамуында ерекшелігі бар балалар санының артуы қоғамда көптеген сұрақтар тудырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда скринингтік, логопедиялық, психологиялық және невропсихологиялық зерттеулердің дамуы – диагнозды ерте әрі нақты қоюға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын ескерусіз қалған жағдайлар бүгінгі күні ашық айтылып, дер кезінде қолдау табуда. Әсіресе инклюзивті білім беру саласының мамандары бұл өзгерістерді оң үрдіс ретінде бағалайды. 207 мектеп-лицейдің арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Психолог, арнайы педагог, логопед, дефоктолог сияқты көптеген мамандар балалардың оқу барысын, мінез-құлқын жіті бақылап отырады. Мысалы, 5-сыныпқа көшкен Анель мен Жанельге психолог үнемі қолдау көрсетіп отырады. Олар мектепке қуана-қуана келеді.