Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Дауыс

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен балабақша салынып жатыр

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен балабақша салынып жатыр

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен мүгедектігі бар балаларға арнап 300 орындық балабақша салынып жатыр , деп хабарлайды 24kz.

Жобалық құны 8 млрд теңгеге жуықтайтын ғимараттың сәулеті ерекше болмақ.

Жоғарыдан қарағанда гүл бейнесіне ұқсайтын бір-біріне жапсарлас 6 нысаннан тұрады. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру, есту және сөйлеу қабілеті нашар балалар қабылданады. Балабақша келер жылы пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, өңірде қайтарылған активтер есебінен 11 медициналық пункт пен амбулаторияның құрылысы жүруде. Сондай-ақ екі мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған.

Аслан Жарасбаев, Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– Қобда ауылындағы мектеп-интернатына және Ырғыз ауылындағы Қалабай ауылындағы мектепке қаражаттар сұраттық. Оқуағарту министрлігінен қолдау бар. Енді қаржыны күтудеміз. Егер қаржы келетін болса, олардың да құрылысы биыл басталып, келер жылы аяқтады.