Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың қашан шаршы алаңға шығатыны белгілі болды. Қос былғары қолғап шебері келесі жекпе-жектерін 19 шілдеде АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткізеді деп жоспарлаған. Алайда қарсыластары кім болатыны әлі белгісіз. IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов соңғы рет рингке 2023 жылы шыққан болатын. Алматыда өткен бокс кешінде жерлесіміз филиппиндік боксшыны мерзімінен бұрын жеңген еді. Ал аса ауыр салмақта өнер көрсететін Иван Дычко былтыр тамызда америкалыққа қарсы жекпе-жектен соң енді бой көрсеткелі жатыр .

Асылбек Данияр