Премьер-министр Олжас Бектенов Industrial and Commercial Bank of China басқарма төрағасы Лю Цзюньмен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары және ұзақмерзімді қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24kz.
Үкімет басшысы Қытай Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қытайлық компания ел экономиканың негізгі салаларын қолдап, оның ішінде «Бәйтерек» холдингімен бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Биыл Холдинг Аграрлық несие корпорациясын қаржыландыру үшін 430 млн юань тартты. Сондай-ақ Өнеркәсіпті дамыту қоры үшін 1 млрд юаннан астам сомаға қосымша несие тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр, Лю Цзюнь ICBC қаржы жүйесін қолдауға және инновацияларды дамытуға бағытталған ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылатынын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.