Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мәжіліс депутаттары АМАNАТ партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

“Парламенттің жетінші және сегізінші шақырылымдарында Жұлдыз Сүлейменова мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде белсенді қызмет атқарды.

Оның жетекшілігімен әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларына бағытталған елеулі заңнамалық түзетулер әзірленіп, енгізілді”, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова еліміздің Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.

Ол бұл қызметте Ғани Бейсембавты алмастырды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз