Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

17 қыркүйекте Қазақстанның қай өңірінде үсік жүреді

Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 17 қыркүйекте республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік күтіледі.

“Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі”, — деп хабарлады “Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:

  • Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде;
  • Төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында.