Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматы әуежайында жолаушы өзіне қол салды

Алматы әуежайында жолаушы өзіне қол салды

Әуе айлағының мәліметінше, T1 ішкі рейстер терминалының дәретханасында жолаушы өзіне дене жарақатын салуға әрекет жасады. Әуежай қызметкерлері жағдайды дер кезінде байқап, шұғыл түрде медициналық қызметті шақырған, деп хабарлайды Inform.kz.

— Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлердің бақылауында. Әуежай штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр, — деп хабарлады әуежай.