Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

2025 жылғы 18 шілдеде Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жолаушылар мен әуежай қонақтарына арналған маңызды хабарлама жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес:

“21 шілдеден бастап “Ақсұңқар” қонақ үйі алдындағы кіреберіс аумақты кеңейту бойынша жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты Ахметов көшесі жағынан әуежай аумағына кіріп-шығу уақытша жабылады”, — делінген хабарламада.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба аясында:

  • қосымша кіреберіс жолағы салынады,
  • жол төсемі жаңартылады.

“Бұл өзгерістер әуежайға ұшып кететін рейстердің жолаушыларын түсіру кезіндегі өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді”, — деп мәлімдеді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.