Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда қоғамдық автобустың қатысуымен жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.

Жол апаты Алатау ауданында 14 шілде күні, сағат 18: 10-да болған. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатар жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан. Онымен қозғалыс қарқыны тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, қоғамдық автобуспен, Subaru көлігімен соқтығысқан.

Қалалық полиция департаменті жол апатынан 23 адам зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.

Жол апатына байланысты тергеу жұмыстары басталған.