Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп, көлік қозғалысы шектелді (видео)

Алматы облысында жол бойындағы қоқыс полигонында ірі өрт болып, салдарынан жолдың аталған учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады.

“2025 жылғы 19 маусым күні сағат 20:30 шамасында Алматы облысында “Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы” автожолының 29-38 шақырым аралығындағы учаскесінде (Байсерке көпірінен Әли көпіріне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді”, — делінген хабарламада.

Қозғалысқа шектеу қоюға жол бойындағы қоқыс полигонында өрт шығып, қалың түтіннің салдарынан жол көрінбей қалған.

“Жолды 2025 жылғы 19 маусым сағат 23:00-де ашу жоспарланған. Қозғалысты ресми түрде ашқанға дейін жолға шықпауды ұсынамыз”, — деп жазды ведомство.