Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Пікір

Алматы облысының орталығында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртенді

Алматы облысының орталығында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртенді

Бүгін, 28 қыркүйекте Қонаев қаласында сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар өрттің жақын маңдағы құрылыстарға таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, құтқарушылардың іс-қимылдары үйлестіріліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

ТЖМ бөлімшелері келген кезде тұрғын үйдің 180 шаршы метр шатырын және 30 шаршы метр гаражды өрт шарпып үлгерген.

Өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112almaty_oblysy)

Дереккөз: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева