Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Пікір

Орманда қоқыс тезірек ыдырай ма? Экология министрлігі кең тараған пікірді жоққа шығарды

Орманда қоқыс тезірек ыдырай ма? Экология министрлігі кең тараған пікірді жоққа шығарды

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі ормандағы қоқыс тезірек ыдырайды деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 28 қыркүйекте ведомство мамандары орманға тасталған қалдықтардың өздігінен жоғалып кетпейтінін ескертті.

"Пластик, шыны және басқа да қалдықтар табиғатта ондаған жылдар бойы, тіпті одан да ұзақ уақыт сақталып, топырақ пен суды ластауы мүмкін", – деді министрліктің баспасөз қызметі.

Табиғат аясына демалуға баратын қазақстандықтарды қарапайым ережені ұстануға шақырды:

"Артыңызда қоқыс емес, тек ізіңіз қалсын. Демалыстан кейін барлық қалдықты жинап, арнайы орындарға тастаңыздар".

Бұған дейін, 2026 жылғы 26 қыркүйекте, Алатаудағы қоқыс полигоны мемлекет меншігіне қайтарылғаны хабарланған еді.

Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина