Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Шындық

Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына пәтер табыстады

Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына пәтер табыстады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ата-анасына дайындаған пәтерін көрсетіп, олардың қуанышты сәтін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жарияланған видеода актриса ата-анасын пәтерге ертіп кіріп, бөлмелерді көрсетеді. Кейін үшеуі бірге суретке түскен. Жұлдыз бұл күнді ұзақ күтіп, бірнеше ай бойы дайындалғанын жазды.

"Ата-анама деп дайындаған пәтерді табыстау бақыты бұйырды. Өздерің барда, мен баламын, қос қанатым күш беріп, тілеуімді тілеп, дұғаларынан тастамайтын жердегі жәннатым. Қандай сый, құрмет көрсетсем де, перзенттік парызым өтелмесін білемін", – деді актриса.

Ол оқырмандарына да ата-анасына осындай құрмет көрсету бақыты бұйырсын деп тілек білдірді. Сторисінде ата-анасының жүзіндегі күлкіні көру өзін ерекше бақытқа бөлегенін жеткізген.

Жұлдыз Әбдікәрімова 2025 жылдың желтоқсанында анасына Астанадан пәтер сыйлауды мақсат еткенін және сол арманы орындалғанын айтқан еді. 

Жұлдыз Әбдікәрімова кім?

Жұлдыз Әбдікәрімова – қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші. Ол 1988 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік білім алған. Оқуын аяқтаған соң Алматыдағы Жастар театрында жұмыс істеді. 

Көпшілік оны Қайрат Нұртаспен бірге түскен 2017 жылғы "Арман. Періштелер ұйықтағанда" фильмі арқылы таныды. Кейін актриса тележобаларға қатысып, театр сахнасына қайта оралды. Түркістан музыкалық драма театрында "Махаббат мұнарасы" спектакліндегі Сұлу рөлін сомдаған. 

Жұлдыз Әбдікәрімова әнші Қайрат Нұртастың жұбайы ретінде де танымал. Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеп отыр.

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова