ҰҚШҰ бас хатшысы Таалатбек Масадыков Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) сайтында қазіргі бас хатшы Таалатбек Масадыковтың көңіл айту жеделхаты жарияланды. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақстандық әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуына байланысты шынайы көңіл айтуымды қабыл алыңыз.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деді Масадыков Тоқаевқа жолдаған хатында.
Естеріңізге сала кетейік, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының кенеттен нашарлауы және екпінді жел салдарынан Каспий теңізіне 17 әскери қызметші кетіп қалған болатын. Үшеуі аман, 14-і қаза тапты.
Бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні. Сондай-ақ әскерилердің қаза болуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы



