Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Маңғыстау облысында жер астынан “субұрқақ” атқылады (видео)

Жаңаөзенде жер астынан су атқылады. Желіде оқиға орнынан видео жарияланды. Кейін мұнай өндіру нысанында апат болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы Экология департаментінің мәліметінше, 27 сәуірде сағат 15:15 шамасында “ӨзенМұнайГаз” АҚ мұнай дайындау және өндіруге қызмет көрсету басқармасының №4 теңіз сорғы станциясында диаметрі 1020 мм болатын шығыс құбырында жарық анықталды.

Зақым салдарынан тесік пайда болып, су атқылай бастаған. Жер қойнауын пайдаланушы оқиға туралы сол күні 18:24-те хабарлады.

Ақаудың себебі әлі анықталған жоқ. Апат қазір толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Ведомстводағылар зертхана-аналитикалық бақылау мамандары осыған байланысты қоршаған орта жағдайын бақылап отырғанын айтты. Тексеріс нәтижелері кейінірек жарияланады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 112 — Ақтау — Актау (@112_aktau)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз