Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Алматыда студент оқытушыны жаралады деген күдікпен ұсталды

Желіде Алматы университеттерінің бірінде студент оқытушыны жаралады деген ақпарат тарады. Оқиғаға қатысты қалалық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан видеоны Qumash Telegram-арнасы жүктеді. Кадрлардан пышақ пен еденде жатқан ер адамды көруге болады. Оқиға алматылық ЖОО-лардың бірінде болғаны, студент оқытушыны пышақпен жаралаған делінген ақпаратта.

Осы жайтқа байланысты KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД-ға хабарласып, пікір сұраған. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықалып жатыр”, — делінген ПД ұсынған ақпаратта.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз