Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Ванкуверде (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында ең үздік нәтиже көрсеткен — Руслан Курбанов. Ол жалпы есепте үздік ондыққа енді (10-шы орын), делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Кирилл Проходов — 26-орын, Никита Жулинский — 42, Александр Федотов — 46, Кирилл Павлов — 64, Вадим Шарлаимов — 85, Эльмир Әлімжанов — 118, Алексей Касаткин — 161, Ерлік Сертай — 180-орын алды.

Командалық жарыста Қазақстан 13-орынға тұрақтады.

Бұған дейін “Қайрат” футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алғанын жазғанбыз.