Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Батыс Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды

Батыс Қазақстан облысында аудандық полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ “Мой город”-қа сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 20 қазанда Сырым аудандық полиция бөлімінің бастығы мен көші-қон полициясы қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққан.

Редакция Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) сауал жолдады. Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қылмыстық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басқа мәліметтерді жариялаған жоқ.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз