Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл бастаманы депутат Қарақат Әбден Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде көтерді.

"Кішкентай балалары бар, жұмыс істеп жүрген ата-аналардың тіпті балабақшадан баласын алып кетуге мүмкіндігі болмай қалады", — деді ол.

Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерінен заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады.

Еске салайық, бұған дейін әйелдердің жұмыс күнін қысқарту ұсынылды. Мұны да Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ұсынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget