Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Пікір

Ақмола облысындағы ауылда газ жарылып, 2 адам зардап шекті

Ақмола облысындағы ауылда газ жарылып, 2 адам зардап шекті

Жібек жолы ауылындағы сүт зауытында жазатайым оқиға болды.

Ресми ақпарат бойынша, зауытта газ қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соған қарастан 2 адамның денесін күйік шалған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

“Осы жағдай бойынша жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиға туралы хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – делінген Ақмола облыстық еңбек инспекциясы департаменті таратқан хабарламада.