Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі жазбасында ажырасу мәселесіне қатысты ойын білдіріп, қоғамда жиі кездесетін отбасылық түйткілге тоқталды. Ол кей жағдайда екі жастың жараспауына тұтас әулет араласып кететінін сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Көп байқаймын, екі жас жараспаса ортаға бүкіл отбасы араласады. Әйел байғұсқа байынан бөлек, атасы мен енесі (кейде қайын әпке, сіңлілері) де бір күйеу. Бұл оқиға елге әйгілі қаламгер атамыздың үйіндегі жайт. Ауладан шығармай шешілуі тиіс мәселе еді, бірақ көпке жайылып кетті», – деп жазды ол.
Сондай-ақ журналист ер адамның отбасына жауапкершілік танытпай, өзге қарым-қатынас құруын сынға алып, мұндай жағдайдың балаларға әсеріне алаңдаушылық білдірді.
«Күйеуі әйеліне кредитке айфон алғызған екен, мобилограф боламын, көп ақша табамын деп. Сол курс оқып жүріп, жас қызбен жарасып, оған үйленеді. Енді өз әйеліне үй жоқ, бірақ, балаларды сол қарауда. Айфон күйеуінің қолында, бірақ кредитті әйелі төлеуде. Алимент тұрмақ балаларына моральдік көмек те жоқ. Дап-дардай жігіт әкесінің артына тығылуда, ал өзінің балаларына да әке керегі санада жоқ. Бұл жазушы атамыз кітабында адамгершілік, адалдық, махаббат жайлы көп жазып “Алаш”, “Айбоз” сыйлықтарын иеленіп еді. Біз оқығанымен өз ұлы әкесінің кітабын оқымайтын болып тұр ғой… Бір кем дүние…», – деді Гүлмира Әбіқай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Гульмира Абыкай (@gulmira_abykai_official)