Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 22-орында тұрған канадалық, 2021 жылғы АҚШ чемпионатының финалисі Лейла Фернандеспен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты сәтті аяқтай алды — 6:3. Бір сағат 28 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, тағы бір канадалық Виктория Мбокомен кездеседі