Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Алайда , ҚМА мәліметінше, мұндай жағдайдың алдын алуға болатын еді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, бәрі іске қатысушылардың ұстанымына байланысты. Егер адам әкімшілік жазаға келіспей, өтініш берсе (Жанәбіловтердің жағдайында), іс сотқа жіберіледі.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте көрсетілген. Азамат әкімшілік жауапкершілікке келіспей, тиісті өтініш білдірсе, іс уәкілетті органда емес, сотта қаралуға тиіс", — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, блогерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget