Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Пікір

Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат көз жұмды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 11 қазанда Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (JAQ) хабарлады:

"Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында".

Сонымен қатар Шымкент қаласының полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлаған болатын. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Дереккөз: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева