Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Қосшы

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін

Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Каспийдегі қайғылы оқиғаға қатысты іс бойынша ақпаратты толықтырды. Ұсталғандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасуда", – делінген Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны хабарланған еді.

Олар қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен қамауға алынды.

Ұсталғандардың қатарында – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы