Екібастұз қаласында полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 13 шетел азаматын анықтады.
Тексеру М. Жүсіп және М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында жүргізілді.
Іс-шара барысында шетел азаматтары мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.
Аталған тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік материалдар толтырылды.
Дереккөз: Zakon.kz · Айгерим Тарина



