Кеше, 5 қазанда, алматылықтар үйіне жету үшін метроға бірден кіре алмады. Метрополитеннің баспасөз қызметі себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Житель Алматы под ником kanat_maratuly_ в соцсети Threads рассказал, с какими трудностями он столкнулся вчера во время поездки на метро.
Threads әлеуметтік желісінде kanat_maratuly_ нигімен тіркелген желі қолданушысы кеше метромен қайтар кезде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.
"Жаңбыр жауып тұрды, метромен баруды жөн көрдім. Таңғы 8:30-да вагон лық толды, ал кешке тіпті сұмдық болды – метроға кіргізбей қойды. Бірінші рет сыймадым, тек үшінші пойызға әрең дегенде кірдім", – деп ашуланды желі қолданушысы.
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне жағдайды түсіндірді. 5 қазанда кешкі қарбалас уақытта, сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін "Байқоңыр" станциясында жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан.
"Касса аймағында және кіреберіс турникеттерде жолаушылар санының тым көп болуына байланысты полиция қызметкерлері бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды реттеп өткізуді жүзеге асырды.
Бұл шара станциядағы жолаушылар ағынын біркелкі бөлу, адамдардың көп жиналуына жол бермеу және электропоездарға жолаушылардың қауіпсіз отыруын қамтамасыз ету үшін қажет болды", – деп түсіндірді метрополитен өкілдері.
2026 жылғы 21 қыркүйек пен 1 қазан аралығында "Байқоңыр" станциясында кешкі қарбалас уақытта жолаушылар ағыны үш есеге жуық – 580-нен 1 890 жолаушыға дейін артқан. Сонымен қатар 5 қазанда бір кешкі қарбалас сағаттың ішінде станция арқылы шамамен 2 544 жолаушы тасымалданды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай



