Аталған лауазымға Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Дәурен Жамбайбек тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директорлар кеңесінің шешімімен Даурен Жамбайбек басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Даурен Жамбайбек 1981 жылы дүниеге келген. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Өңірлік даму, Ұлттық экономика министрліктерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін, 2023 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Павлодар облысы