Ол "1414" бірыңғай байланыс орталығына мектеп және көпқабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама жіберген.

Осыдан кейін нысандарға дереу полиция жасағы, қызметтік иттері бар кинологтар және саперлер жіберілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқу орны мен тұрғын үйді мұқият тексеру барысында күдік тудыратын зат табылған жоқ. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде 8-сынып оқушысын анықтап, ұстады.

Аталған екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция мұндай әзілдердің ауыр құқықтық салдары бар екенін ескертіп, олардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы – "Терроризм актісі туралы жалған хабарлау" бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.