Қазан айында елде жылдық инфляция 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%)
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жылдық инфляция 10 өңірде баяулады, 6 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды. -Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5%-ды құрады (қыркүйекте – 12,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,7%) әлдеқайда жоғары, ал Алматы қаласында (10,4%) мейілінше төмен түсті, — делінген ақпаратта. Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,0% болды (қыркүйекте – 10,8%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (14,0%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,5%) тіркелген. Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 15,3%). Сонымен қатар Қызылорда облысында (8,6%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен түсті. Қазанда ел көлемінде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.