Бүгінде зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шегі жыл сайын арнайы әдістеме бойынша есептеледі
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетқы қоры зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шегіне қатысты шешімді қабылдау тәртібін түсіндірді
Бүгінде зейнетақы жинағын пайдаланудың жеткілікті шегі жыл сайын арнайы әдістеме бойынша есептеледі. Онда ең төменгі жалақының көлемі, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейі, сондай-ақ, зейнетақы активтерінің табысы, міндетті зейнетақы жарналарының төлеу жиілігі және тағы басқа көрсеткіштер ескеріледі.
«Әлеуметтік кодекске сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ жыл сайын келесі жылға арналған республикалық бюджет туралы заң ресми түрде жарияланғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың жеткілікті шектерін жариялайды», — дейді қор мамандары.
Айта кетері, жақында мәжіліс үш жылдық бюджетті қабылдады. Енді, оны сенатта қарайды. Келесі жылғы бюджетте ең төменгі жалақының көлемі өзгермейді, 85 000 теңге көлемінде қалады. Ал базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері, зейнетақының ең төменгі көлемі және ең төменгі күнкөріс деңгейі 10 процентке көтеріледі.