Олар автокөлікпен жүрген және кері жолды таба алмаған.

Түркістан облысында төтенше жағдайлар қызметі тауда адасып кеткен туристерге көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Оқиға Төлеби ауданының таулы аймағында болған. Қарағанды облысынан келген төрт турист – екеуі бала – автокөлікпен жүрген кезде кері жолды таба алмай қалған. Құтқарушылар байланыс нашар болғанына қарамастан, геолокация арқылы туристердің орнын анықтап, жедел жетті", – делінген хабарламада.

Адасқан адамдар 1800 метр биіктікте орналасқан Ақсу каньоны маңынан табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар туристерді қауіпсіз автожолға дейін шығарып салып, олар өз бетімен жолын жалғастырды.


Оқи отырыңыз: Басы айналып, әлсіреген: құтқарушылар Фурманов шыңынан бойжеткенді эвакуациялады