Жыл соңына дейін ұзындығы 3,3 шақырым болатын бөлігін бетондау жоспарланған.

Түркістан облысындағы "Қазсушар" РМК филиалы Мақтаарал ауданындағы К-17 каналында реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде каналдың түбі толық тазартылып, тығыздау және бетондау жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

К-17 каналының жалпы ұзындығы – 15 шақырым, өткізу қуаты – секундына 6,5 текше метр. Нысанды реконструкциялау су шығынын азайтып, егістік алқаптарын суару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Жұмысқа арнайы техника тартылған. Түркістан облысындағы "Қазсушар" филиалы мердігер ұйымның жұмысты сапалы әрі уақытылы орындауын қатаң бақылауда ұстап отыр", – деді "Қазсушар" РМК Түркістан облысы филиалы директоры Қазыбек Бедебаев.