Алматыда таңғы уақытта екі автокөліктің қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шамамен таңғы сағат 4:20-де қаладағы Әуезов ауданында болған.

"BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, жолақ ауыстыру кезінде сол бағытта келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққының инерциясынан BMW көлігі Саин көшесінің батыс жағындағы ағашқа соғылған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші мен BMW автокөлігінің үш жолаушысы жарақат алған. Барлығы бес адам медициналық көмекке жүгінген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)