Австралиялық теннисші Джеймс Дакворт Almaty Open турнирінде сенімді әрі жинақы ойынымен көрермендерді таңғалдырып жүр.

Ширек финалда ол жарыстың үшінші ракетка, италиялық Флавио Коболлиді 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Коболлиді жеңу Дакворт үшін мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды: осы маусымда ол Лос-Кабоста әлемнің 26-ракеткасы Алехандро Давидович Фокинаны ұтқан болатын.

– Джеймс, жарыстың үшінші ракеткасын жеңгеніңізбен құттықтаймыз!

– Рахмет! Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Маған Қазақстанда ойнаған ұнайды.Турнир керемет ұйымдастырылған, Алматыда өзімді шынымен де үйдегідей сезінемін.

– Қазақстан сіз үшін ерекше жерге айналды деуге бола ма?

– Иә, әрине. Мұнда ғажайып атмосфера және сені жылы қарсы алатын көрермендер.

– Жарыс басталғалы тұрақты ойнап келесіз. Жетістік сыры неде?

– Агрессивті ойынды, өз стилімді ұстануға тырысамын.

– Алда жартылай финал. Одан не күтесіз?

– Бұл кезеңде жеңіл қарсылас болмайды, Даниил өте мықты ойыншы, ертең кортқа шығып, жеңіс үшін бар күшімді саламын.