Актёр Жахан Отарғалиев өзіне қатысты айтылатын сынға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Мен мамасының баласымын. Кесіп алыңдар, мен мамам мен папамның баласымын. Маған кім не дейді, қандай пікір жазады қызық емес. Менің уайымым ата-анама бірдеңе болса, не істеймін және қалай өмір сүремін деген ғана. Алла ондай сынақты бермесін. Уақыт бар кезде әкеміз бен шешемізді қадірлейікші. Бізге олардан артық жанашыр жоқ. Ол кісілердің дұғасы автоматты түрде орындалады. Анасынан қарғыс естігендер қаншама? Олай болса өмір бойы жолың болмайды", — деді актёр.
Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды.
"Мамасының баласы болған соң қайта-қайта ажырасып жүр", "Қазір ата-ана емес, әйел бірінші орында", "Анасын тыңдаған бала жаман болмайды", "Өте дұрыс айтты", деді олар.
@world_videos010 ♬ оригинальный звук — ПОДКАСТТАР, ҚЫЗЫҚТЫ ВИДЕОЛАР