Облыстық мәслихат Алтай және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар елді мекенді тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты.

Алтай ауданында 3 ауыл, атап айтқанда Соловьев ауылдық округіне қарасты Ленинск, Малеев ауылдық округіндегі Ландман және Парыгин ауылдық округіндегі Кутиха ауылдары таратылды.

— Таратылған ауылдар енді іргелес елді мекендердің құрамына кірді. Ленинск — Подорлёнок ауылының, Ландман — Малеевск ауылының, ал Кутиха — Парыгино ауылының құрамына қосылды. Шемонаиха ауданында 2 елді мекен картадан жойылды. Заречное ауылы — Усть-Таловка кентінің құрамына енсе, Рулиха станциясы — Каменев ауылдық округіне қарасты ауыл құрамына қосылып отыр, — деп хабарлады мәслихаттан.