Агенттік криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ке тыйым салынды.
"Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады.
Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады.
Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады.
Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді.