Бүгін Астананың абаттандыру жұмыстарымен танысу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қарсы күрес қажетін айтты , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің вандализмге қатысты сұрағына жауап берген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: "ондай деректер бар, бірақ көп емес", — деді.

"Әйтсе де, халық көріп отыр, мәдениет қалыптасып келеді", — деді қала басшысы.

"Вандализмге жол жоқ, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", — деп қадап айтты Тоқаев.

Бұған дейін Астана полициясы қоғамдық орындарда камераға түскен вандализм оқиғаларының видеоларын жариялаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget