Бүгін Ақтөбе облысында 8 мың түп көшет егілді.
Облыстың 200-ге жуық елді мекенінде тұрғындары сенбілікке шықты. Ал облыс орталығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Мектеп орманшылығы» жобасының алғашқы науқаны мәресіне жетті. Көктемде басталған экологиялық акцияда жеткіншектер жасыл желек егіп, оны күтіп баптаудың қыр-сырын үйренді. Тәжірибемен ұштасқан тәрбие сағаттарын кәсіби орманшылар жүргізді. Жобаға облыс орталығымен қатар Ойыл, Қобда, Мәртөк, Әйтеке би аудандарының 400-ден астам оқушысы қатысты. «Мектеп орманшылығы» жобасы алдағы жылы да жалғасын табады.
Исатай Еспағамбетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
- Бүгін 1300 аса талды балалар егеді. Көшеттерді мына орман шаруашылықтары мектеп оқушыларына тегін береді. Және мына жерлерін жыртып, өңдеп көмектесіп жатырмыз. Және де одан бөлек түсіндіру, оқыту жұмыстарын балаларға үйрету жұмыстарын орманшылар жүргізіп жатыр.