Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп 10 қазанда Truth Social платформасында жарияланған мәлімдемесінде жеткізді.
АҚШ билігі 1 қарашадан бастап Қытайдан келетін барлық импортқа 100 пайыздық қосымша кедендік баж салығын енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.
Сонымен қатар мемлекет басшысы стратегиялық маңызы бар бағдарламалық қамтамасыз етуді экспорттауға да шектеу қойылатынын атап өтті.
Трамптың айтуынша, мұндай шешім Қытайдың "сауда саласындағы шамадан тыс агрессивті ұстанымына" байланысты қабылданған. Ақ үй басшысы Пекин өзге елдерге 1 қарашадан бастап Қытайда өндірілетін өнімдердің басым бөлігіне экспорттық шектеулер енгізілетіні туралы ескерткенін мәлімдеді.
"Бұл барлық мемлекеттерге әсер етеді. Мұндай жағдай халықаралық сауда тарихында бұрын-соңды болмаған", – деп жазды Трамп.
Қытай тарапы әзірге Вашингтонның бұл мәлімдемесіне пікір білдірген жоқ.
Айта кетсек, Қытай – әлемдегі осы сирек металдардың негізгі жеткізушісі. Бұл элементтер жоғары технологиялық өндіріс салаларында айрықша маңызға ие.
Биыл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісі бұрынғыдан бетер ушығып отыр. Екі ел өзара бірнеше рет баж салығын енгізгенімен, тамыз айында тараптар 90 күндік үзіліс жариялап, уақытша келісімге келген еді.