Газа секторында атысты тоқтату шешімінен кейін мыңдаған палестиналықтар өз үйлеріне орала бастады.
Бұған дейін әуе соққылары салдарынан баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындар қазір солтүстіктегі елді мекендерге бет алды. ЦАХАЛ оларға Салах ад-Дин тас жолы мен Рашид көшесі арқылы қозғалыс жасауға рұқсат берген. Алайда Израиль әскері тұрғындарды әскери күштер шоғырланған аумақтарға жоламауға кеңес берді. Қазірдің өзінде Израиль Газа аумағының 58%-ын әлі де бақылауда ұстап отыр.