«Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев өз атынан жалған парақша ашылғанын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақ футболының жарық жұлдызы желідегі парақшасында оқырмандарына үндеу жасады.
«Бұл — жалған аккаунт. Ешкімге ақша жібермеңіздер», — деп жазды Дастан Сәтпаев.
Белгілі болғандай, спортшы фейк деп атаған парақшаға 60 мыңнан астам адам жазылған. Ал Дастан Сатпаевтың ресми парақшасында 201 мың жазылушы бар. Бұдан бөлек, Шехан Қалмұрзаның анасы да жалған аккаунттарға алданып қалмауға шақырды.