Қызыл сызықты кесіп өту жазасы ақ түсті сызықты кескенмен тең.
Көкшетау – Атбасар тасжолында ұзындығы 6 км болатын қызыл сызық сызылды. Жол жөндеушілер оны қауіпті саналатын 52-54 шақырымға және 65-76 шақырымға сызған, деп жазған Kolesa.kz жол ережесінде жоқ мұндай сызықтың не білдіретінін түсіндірді.
"Жаңа таңба жолдың ортасына және қауіпті бұрылыстар бар жерлерге сызылған. Түнде немесе ауа райы қолайсыз кезде бұл бұрылыстарды жүру қиын", – деп түсіндірді басылым.
Kolesa.kz жазуынша6 жол ережесінде қызыл түсті бүтін сызық жоқ. Онда көлденең таңба, соның ішінде бүтін сызық (1.1) ақ немесе сары болады деп жазылған. Бірақ6 ҚР СТ 1412-2017 стандартына сай, ұлттық немесе мемлекетаралық стандартта жоқ жол қозғалысын реттеу құралын эксперимент ретінде пайдалануға рұқсат беріледі. Ол үшін жүргізушілерге алдын ала ескертіп, жаңа белгінің мақсатын түсіндіру керек.
"Демек қызыл сызықты кесіп, қарсы бағытқа шыққан жүргізуші әдеттегі ақ түсті бүтін сызықты кескенмен бірдей жазаға тартылады. Яғни көлік жүргізу құқығынан алты айға айырылады. Егер қарсы бағытқа шығып, апат жасаса, тоғыз ай көлік тізгіндей алмайды", – делінген түсіндірмеде.
Оқи отырыңыз:
Сенатор: Байдың балаларына айыппұл төлеу оңай, сол үшін жол ережесін бұза береді
Енді жол ережесін бірнеше рет бұзған такси жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін