Синоптиктер болжамы белгілі болды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда 17 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы болады.
Солтүстік Қазақстанда түнде тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады.
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да өткінші жауын-шашын күтіледі, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды. Температура түнде 3-9°, күндіз 14-20° жылы болады.
Оңтүстік және шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Абай облыстарында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тау бөктерінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстан өңірлерінде 2026 жылғы су тасқынына дайындық басталды
Ал Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында негізінен ашық, күндіз 20-25° жылы болады.
Батыс аймақтарда – БҚО, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде жауын-шашынсыз болады.
Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында да негізінен бұлтты, бірақ құрғақ. Күндізгі температура еліміздің батысы мен оңтүстігінде 20-26 градусқа дейін көтеріледі.