Қазақстанда сталкинг қылмыстық жауапкершілікке енгізілді.

Ішкі істер министрлігі 16 қыркүйектен бастап сталкинг үшін қылмыстық жаза қолданылатынын хабарлады, деп жазады Polisia.kz.

Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, зорлық-зомбылық болмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян тигізетін әрекеттер сталкинг деп танылады. Оған:

  • адамның жеке шекарасын бұзу;
  • еркінен тыс ізіне түсу;
  • қайта-қайта қоңырау шалу;
  • интернет арқылы бақылап, қорқыныш немесе алаңдаушылық туғызу жатады.

Оқи отырыңыз: Қыз алып қашу – дәстүр ме, қылмыс па? Ара-жігін қалай ажыратамыз


Мұндай әрекеттер үшін:

  • 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге);
  • 200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары;
  • 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап – "Некеге мәжбүрлеу" енгізіліп, ол да қылмыстық құқықбұзушылық ретінде белгіленді.