Көршілес Қытай жағарға қоқыс таппай жатыр.

Қазір әлемде қоқысты энергияға айналдыратын қуаттың 50%-дан астамы осы Қытайға тиесілі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Financial Times берген мәліметке сүйенсек, кейінгі 10 жылда ел билігі мыңнан астам қоқыс жағатын электр стансасын тұрғызған.

Бірақ халық санының азаюы мен тұтыну деңгейінің төмендеуі себепті тұрмыстық қоқыс көлемі күрт азайған. Сөйтіп, зауыттар толық қуатында жұмыс істей алмай тұр.

Қоқыс жағудағы әлемдік көшбасшы саналатын Қытай енді зауыттарын тоқтатпау үшін шетелден қалдық сатып алуы мүмкін.