Оның ішінде бір банк Біріккен Араб Әмірліктеріне тиесілі.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы екі банк Қазақстанның нарығына келуді қарастырып жатыр. Оның ішінде бір банк Біріккен Араб Әмірліктерінен Abu Dhabi Commercial Bank. Оның қазір тек қана исламдық кредиттік операциялармен айналысатын банкі бар. Одан басқа олар осындай біздің әмбебап лицензия алып, осындай әмбебап банк ашайын деп жатыр", – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда жаңа банк пайда болғанын жазғанбыз. Оңтүстік Кореяның BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы банк лицензиясын алды.