Дербес мәліметтерді таратқандарға жазаны қатаңдату қажет. Мұнымен қоса, Президент қауіпсіздік кеңесінде азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда цифрлық мемлекетке айналуды міндеттегені белгілі. Демек, киберқалқан құру да қатар жүруі тиіс. Осы ретте қазіргі заманғы қатерлерді білу керек.

Маңызды ақпараттық инфрақұрылым үшін тиісті индустрияны дамытып, кадр даярлау – басты талап. Сондай-ақ киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттырған дұрыс. Президент стратегиялық тәуекелдерді азайтып, мәселені жүйелі шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды.